USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Вакцинацияның алғашқы кезеңінде қолданылған екпемен ревакцинация жасауға болады – Қаулы

2021 жылғы 8 желтоқсан 15:38
Бөлісіңіз:
Вакцинацияның алғашқы кезеңінде қолданылған екпемен ревакцинация жасауға болады – Қаулы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакцинацияның алғашқы кезеңінде қолданылған екпемен де ревакцинация жасауға болады. Бұл туралы ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматының инфекциялық стационарларында қанша адам емделуде СҚО-да бір тәулікте 61 бала, 7 жүкті әйел коронавирус жұқтырды Халықаралық рейстерді шектеу «омикронның» таралуына әсер етпейді – Алмаз Шарман

«КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсында қолданылмаған вакцина түрлерімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, М-РНК-вакцина) жүргізу ұсынылады. Вакцинацияның бастапқы курсы үшін пайдаланылған КВИ-ге қарсы вакцинамен ревакцинация жүргізуге жол беріледі», - деп жазылған қаулыда.

Сонымен қатар бұған дейін жарияланған № 46 қаулыға мынадай түзету енгізілді:

«Растайтын құжаттарды ұсынған кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің халықты тіркеу тізбесінде «Вакциналау» модуліне шет елдерде КВИ-ге қарсы ревакцинация алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ге қарсы ревакцинация туралы мәліметтерін енгізуді қамтамасыз етсін», - делінген түзетуде.

Сондай-ақ құжат бойынша, шетелде КВИ-ге қарсы ревакцинация (III доза) алған Қазақстан Республикасы азаматтарының ревакцинация туралы деректерін енгізу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің халықты тіркеу тізбесіндегі «Вакциналау» модуліне медициналық ұйымдардың қолжетімділігі қамтамасыз етілмек.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Еске салайық, аталмыш Қаулыға сәйкес, Қазақстан аумағында 3 айдан артық тұрып жатқан, вакцинацияның толық крусын алған шетелдіктер де ревакцинациядан өтуі керек. Олар да алғашқы вакцинаның толық компонентін алған күннен 6 ай өткенде қайта вакциналауға жатады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT