Вакцинацияланған аналардан иммунитеті жоқ балалар туады - жалған ақпарат

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде нәрестелер арасында тыныс алу ауруының өршуі туралы жаңалықтар сюжеті тарады. Хабарламада бұған аналарға жүктілік немесе лактация кезінде салынған COVID-19 қарсы вакцина себеп болған деп жазылған. Бұл олай емес, деп хабарлады ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Маусымның басында және ортасында АҚШ-та нәрестелер арасында тыныс алу ауруының өршігені рас. Бұл туралы The Washington Post жазды.

«Алайда, мақалада кішкентай балалар арасында аурудың күрт өсуіне олардың ата-аналарының вакцина салдыруы емес, карантиндік шектеулерге байланысты балалардың адамдармен жақын қарым-қатынас жасамағаны себеп болғаны айтылған. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мен маска тағу режиміне байланысты нәрестелер бұған деейін вирустық инфекцияларды жұқтырмаған, оларға қарсы иммунитетті дамымаған. Қазіргі кезде көптеген елдерде карантиндік шектеулер жойылды немесе айтарлықтай жеңілдетілді, нәтижесінде балалар бірден барлық мүмкін респираторлық ауруларды жұқтыра бастады, бұл статистиканың өсуіне алып келді», - деп жазды сайт.

Жүкті әйел алған вакцина баланың иммунитетін түсіреді деген теория толығымен ғылымға қарсы. Болашақ аналарға COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға рұқсат бермес бұрын ғалымдар ауқымды зерттеулер жүргізді. Оның нәтижелері вакциналар жүкті әйелдер арасында COVID-19-бен күресуде тиімді болып қана қоймай, жаңа туған нәрестелерде бұл ауруға уақытша иммунитетті қамтамасыз ететіндігін көрсетті.

«Ғалымдар ананың иммундық жүйесі қалыптастыратын COVID-19 қоздырғышы Sars-CoV-2 вирусына антиденелер плацентаға жетіп, балаға берілетінін анықтады. Сәбидің ағзасында олар ұзақ сақталмайды, бірақ өмірдің алғашқы кезеңінде оны қорғай алады.

Демек, вакцинацияланған аналардан туатын иммунитеті жоқ балалар туралы таралған теория негізсіз және ғылымға қарсы. Таратылған жаңалықтар сюжетінің жүкті әйелдерді вакцинациялауға ешқандай қатысы жоқ. Онда шектеулерге байланысты балалар басқа адамдармен қарым-қатынаста болмағандықтан, олардың респираторлық ауруларға қарсы иммунитеті дамымағаны туралы айтылған», - делінген ақпарат көзінде.


Соңғы жаңалықтар