Вакцинациядан кейін коронавирус қандай жағдайларда жұғуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық диагностикалық орталықтың клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Елена Ковзель вакцина алғаннан кейін қандай жағдайларда коронавирус жұқтыру мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әрине, вакцинациядан кейін жұқтыру мүмкіндігі бар. Вакциналық жауап дегенің өзі салыстырмалы ұғым. Кейбір адамдарда иммундық реакция күшті, ал басқаларында әлсіз болады. Егер вакцинациядан кейін жеткілікті иммундық қабілет пайда болмаса, әрине, жұқтыру қаупі бар. Егер науқаста орташа иммундық жауап пайда болса, бірақ вирустың шабуылы күшті болса, бұл жағдайда да инфекция жұғуы мүмкін. Бірақ біз вакцинациядан кейін вирустың шабуылы бәсеңдейтін шығар деп отырмыз», - деді медицина ғылымдарының докторы.
Оның айтуынша, инфекцияның жұғу қаупі ағзаның күйіне байланысты.
«Мысалы, инфекция шабуылдаған кезде адам тағы бір вирустың шабуылына қатар ұшырады немесе басқа бір аурудың өршуіне байланысты химиотерапия алып жүрген кезге тап келді дейік. Мұндай жағдайда вакцина тудырған иммундық қабілет біз күткен қорғаныс бере алмауы мүмкін», - деді Елена Ковзель.
- Бельгия мен Швейцария санитарлық шектеулерді жеңілдетіп жатыр
- Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды
- Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 172 науқастың жағдайы өте ауыр
- Түркістан облысында карантин мен шекеу шараларының мерзімі ұзартылды
-
Дания AstraZeneca вакцинасын қолдануды тоқтатты
-
Қазақстанда өткен тәулікте 2002 адам коронавирустан жазылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам