+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқандарға қандай шара қолданылады

2021 жылғы 23 маусым 21:23
Бөлісіңіз:
Вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқандарға қандай шара қолданылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқан қызметкерлерге қандай шаралар қолданылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 4,2 млрд теңге бөлінді Ақтөбе облысында дәрігер тапшылығы жоқ – Руслан Хамбаров Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер 100 пайыз екпе алды

«Алдағы уақытта бірқатар санаттағы адамдарды вакциналау бойынша міндетті талап болатынын білеміз. Бұл Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында жазылады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Оның айтуынша, әкімшілік жауапкершілік жеке тұлғалар үшін де (5 АЕК - 14 585 теңге), заңды тұлғалар үшін де қарастырылған. Жұмыс берушілер де бұл талаптарды орындамаса, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

«Әрбір жұмыс беруші мемлекеттік дәрігердің қаулысын қалай орындайтынын анықтауы керек. Біз үшін оның орындалуы маңызды», - деді Айжан Есмағамбетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT