Вакцинация: Исламда жалған ақпарат таратудың күнәсі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тележүргізуші Динара Сатжан Instagram-дағы тікелей эфир арқылы Ресейдегі Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Шамиль Аляутдиновпен ислам іліміндегі вакцинация тақырыбын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арамызда антиваксерлер жүр, ішінде дәрігер де бар. Үнемі адамдар арасында күмән сеуіп жүреді. Исламда жалған ақпарат тарату күнә ме», - деп сұрады Динара Сәтжан.

«Жала жабу – исламда ең зиянды қасиеттердің бірі. Хадисте өтірікші адамның діни сенім иесі бола айлайтыны айтылған. 6 аяттың 49 сүресін бойынша, сізге репутациясы түсініксіз, күнәһар адам келсе және қандай да бір жағдайға, адамдарға деген көзқарасыңызды жағымсыз жаққа өзгерте алатын мәлімет берсе, бұл жағдайды ашып, мәнін түсінуіңіз керек. Яғни, мән-жайды айқындау керек. Егер асығыс қорытынды жасасаңыз, біреуге зиян келтіріп, соңында өкініп қалуыңыз мүмкін», - деп түсіндірді имам.

Имамның айтуына қарағанда исламда кез-келген жағдайда қандай-да бір түрде өтірік айтуға жол берілмеуі керек және ол күнә болып саналады.

«Құранда адам білім алып, бірақ оны қолданбаса, яғни, миын іске қоспаса, пайдалы білімді зерттемесе, ол есекке ұқсайды деп айтылады. Қазіргі таңда түрлі пікірлер бар. Соның бәрін оқыңыз, қорытынды жасаңыз. Бірақ біреуді қорлаудың және кемсітудің қажеті жоқ. Бұл төмен деңгейге түсу», - деді Шамиль Аляутдинов.


Соңғы жаңалықтар