Вакцина салдырғаннан кейін моншаға түсуге бола ма - маман жауабы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина директоры Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қалай күтіну керегін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, вакцина әр адамға әртүрлі әсер етеді.

«Коронавирус вакцинасы адамның ағзасына қарай реакция береді. Біреуде жеңіл, енді біреуінде ауыр өтуі мүмкін. Мен де вакцина салдырдым. Жеңіл өтті. Тек орны ғана ауырды. Ал менімен бірге салдырған әріптестерімнің кейбіреуінің дене қызуы көтерілді, енді бірінде қалтырау болды»,-дейді спикер.

Сонымен қатар, ол екпеден кейін күтіну керектігін баса айтты.

«Дене қызуы көтерілсе, оны түсіруге көмектесетін дәрілер болады. Олар антибиотик емес, дене қызуын түсіруге арналған парацетамол, ибупрофен секілді препараттар. Соларды ішуге болады. Моншаға барып, спортпен айналысуға да рұқсат. Бірақ бірінші кезекте дене қызуын түсіру керек. Одан кейін вакцина салдырғаннан кейін үш күндей моншаға түсуге, су тигізуге болмайды. Сол тәртіпті сақтау қажет. Одан кейін адамның жағдайына қарай шомылуға болады. Әр нәрсе өз орнымен», - дейді Лаура Мырзағали.


Соңғы жаңалықтар