Вакцина салдырған атыраулық туған күнінде 200 мың теңге ұтып алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Вакцина салдырған атыраулық туған күнінде 200 мың теңге ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 11 тамызда «Вакцина ал да, ақша ұтып ал» ақшалай ұтыс ойыны төртінші кезеңінің қорытындысымен 10 жеңімпаз анықталды.

Жеңімпаздың әрқайсысы 200 мың теңгенің сертификатына ие болды. Солардың қатарынла Атырау қаласының тұрғыны Нұрлан Қуанышев та бар. Төрт баланың әкесі «Спутник V» вакцинасының І компонентін салдырған.

«Коронавирусқа қарсы вакцинаны 6 тамызда Атыраудағы №7 қалалық емханада ектірген едім. Кездейсоқтық па, әлде сәттілік пе, дәл бүгін туған күнімде ұтыс иесі атанып отырмын. Бұл қуанышты хабар естіген жақындарым да қуанып жатыр», - дейді Н.Қуанышев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда он адам 200 мың, екі адам 10 млн теңгенің ұтысына ие болғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар