Вакцина салдырған ақтөбелік көлік ұтып алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Вакцина салдырған 31 жастағы ақтөбелік көлік ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің төрт қызым бар. Өзімнің ғана емес, отбасымның амандығы үшін вакцина салдырдым. Өзім тау-кен саласында жұмыс істеймін, ал келіншегім бала күтімімен үйде отыр. Демек, адамдармын байланыста болатын өзім. Сондықтан вакцина туралы айтқан кезде ауылдағы емханаға барып, иммундау шарасына қатыстым. 2 тамызда вакцина салдырған кезде бірден ұтысқа қатысатынымды айтты. Шынымды айтсам, оған мән бермедім», - деді Қарғалы ауданы, Қосестек ауылының тұрғыны Артем Чепкий.

Ол жұмыста жүрген кезде байланыс аясынан тыс болғанын, сүйінші хабарды бірер күннен кейін ғана естігенін айтты.

«Естіген кезде сенбедім. Бірер күннен соң хабарласып, құттықтады. Қолыма кілті тигенде ғана сеніп тұрмын. Вакцина салдыру – міндет. Біз осы арқылы қорғанамыз, ауырмаймыз. Жақынымызды жоғалтқымыз келмесе, иммундау шарасына бейжай қарамағанымыз абзал», - деді Артем Чепкий.

Ақтөбе облысы бойынша 522 мыңнан астам адам вакцина салдыруы тиіс. Оның 208 мыңнан астамы екі компонентін де қабылдады.


Соңғы жаңалықтар