Вакцина паспортын сатып алғандарға рақымшылық жасау мәселесі талқыланып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігінде вакцина паспортын сатып алғандарға рақымшылық жасау мәселесі талқыланып жатыр.

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігінде жалған вакцина паспортын алғандарға қатысты рақымшылық жасау мәселесі қаралып жатыр. Олардың мемлекет қаржысына жекеше зиян келітіріп жатқанын біз де түсінеміз. Сондықтан бұған жеңіл қарауға болмайды. Ол адам қателігін мойындап, вакцина алғысы келсе де дәл қазір екпе салдыра алмайды. Себебі базада оларда вакцина алды деп тұр», - дейді Нариман Табынбаев.

Жандарбек Бекшин жалған вакцинация паспортын жасағандар істегендеріне өкініп, екпе алғысы келсе, оны ақылы түрде өткізуді қолдайтынын айтты.

«Бұл мәселе Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бақылауында. Көп жағдайда вакцина төгілді, олар үкіметке де, қоғамға да зиян тигізіп отыр. Сондықтан өз қалтасынан вакцинациядан өткізуге мәжбүрлеу керек. Бұл менің ұсынысым, менің ойым», - деді қаланың бас санитария дәрігері.


Соңғы жаңалықтар