Вакцина қабылдағандар саны 9,6 миллионға жақындады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 589 129 адам, екінші компонентін 9 377 572 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, осы күні «Pfizer» вакцинасының бірінші дозасын қабылдағандар 1 239 216 адамға, екінші дозасын ектіргендер 1 200 534 адамға жетті.

«Бірінші компонентімен қамтылғандар:

Жасөспірімдер – 874 648,

Жүкті әйелдер – 41 697,

Бала емізетін әйелдер – 145 471.

Екінші компанентімен қамтылғандар:

Жасөспірімдер – 860 484,

Жүкті әйелдер – 39 599,

Бала емізетін әйелдер – 142 045», - деп жазды комиссиядан.

Соңғы жаңалықтар