USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Вакцина індеттен болатын өлім деңгейін төмендетеді - қытайлық сарапшы

2020 жылғы 13 қыркүйек 15:18
Бөлісіңіз:
Вакцина індеттен болатын өлім деңгейін төмендетеді - қытайлық сарапшы

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакциналардың пайда болуының арқасында әлемде COVID-19-дан болатын өлім-жітім деңгейі 1%-ға дейін төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында 431 оқушы, 178 мұғалімнен коронавирус анықталды Алматыда 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған Алматы облысында 58 мың жасөспірім коронавирус вакцинасын алды

Шанхайдағы коронавирустан емдеу жөніндегі сараптамалық топтың жетекшісі Чжан Вэйхунның айтуынша, «вакциналардың пайда болуы экономикалық тұрғыдан дамымаған елдер мен аймақтардағы медициналық жүйенің жүктемесін едәуір қысқартады. Сондай-ақ егде адамдар сияқты тәуекел тобындағы адамдар вакциналаудан өтіп, қорғанысқа ие болады. Ал әлемде коронавирустан өлім-жітім 1%-ға дейін төмендейді».

Қытайдың үш вакцинасы, соның ішінде CNGB шығарған екеуі және Sinovac Biotech Ltd жасаған біреуі төтенше жағдайлар кезінде азаматтық мақсатта пайдалану үшін мақұлданды. Sinovac вакцинасы Бразилия мен Индонезияда сынақтан өтуде.

Қытайда шілденің соңында басталған шұғыл вакциналау бағдарламасының аясында тәуекел тобындағы – медицина, кеден және шекара қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, әуе компаниялары мен әуежайлар, сондай-ақ шетелге жұмыс істеуге баратын адамдарға үш тәжірибелік вакцина қолданылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT