Вакцина егу: Алматыда 214 пункт жұмыс істеп тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 2 927 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 19 мамыр күні 2 927 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 19 мамыр аралығында қалада барлығы 280 071 адамға екпе салынды. Вакцинацияның жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер саны - 30 531.

«Бүгінгі күнге дейін қазақстандық QazVac вакцинасын 3000 адам алды. 3 мамыр күні қытайдың Sinopharm вакцинасы 15 000 дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті бойынша 5 597 адамға вакцина егілді» - деп атап өтті басқармадан.

Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.


Соңғы жаңалықтар