Вакцина болмағанда әлемде короннавирустан 31,4 миллион адам қайтыс болатын еді
2022 жылғы 24 маусым 23:31

Вакцина болмағанда әлемде короннавирустан 31,4 миллион адам қайтыс болатын еді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Вакцина болмағанда әлемде короннавирустан 31,4 миллион адам қайтыс болатын еді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Каналдағы мәліметтерге қарағанда, Биология және медицина саласындағы ең беделді ғылыми басылымдардың бірі – британдық The Lancet журналында жарияланған жаңа зерттеуге сәйкес әлем халқын вакциналау 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың желтоқсаны аралығында 20 миллионға жуық адамның COVID салдарынан болуы ықтимал өлім жағдайларының алдын алды.

«Математикалық модельдеуге сүйене отырып, зерттеушілер вакциналау бүкіл әлем бойынша өлім санын екі есеге азайтады деген қорытындыға келді. Сарапшылардың пікірінше, вакцинациясыз әлемде 31,4 миллион адам коронавирус инфекциясының әсерінен қайтыс болар еді»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен тәулікте Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1 102 адамның ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Бұл алдыңғы күндегі 1 202-ге қарағанда 8,3%-ға азайған, бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың хабарламасында айтылған.

Сонымен қатар ауруханаға жатқызылғандардын саны 38 өңірде өскен, 39 өңірде азайған, қалған сегізінде жағдай өзгермеген.

Соңғы 24 сағатта елде коронавирус жұқтырған 3 154 адам тіркелді. Күніне 3 225 науқас жазылып, 65 адам қайтыс болып жатыр.

Ресейде пандемияның бүкіл кезеңінде 18 412 805 COVID-19 жағдайы тіркеліп, 17 839 346 адам ауруды жеңіп, 380 774 адам қайтыс болды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT