Вакцина алса да, вирус жұқтырудың себебін иммунолог түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық министрлігі өткізген онлайн дәрісте аллерголог-иммунолог Рафаил Розенсон вакцина алғаннан кейін де вирус жұқтырудың себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакцинаның бірінші компонентін алып, ауру жұқтырғандар туралы көп оқып та, естіп те жүрміз. Ондай жолы болмағандар бірен-саран ғана. Ондай адамдар екпе алмай тұрып ауру жұқтырған. Осыны түсіну керек. Ол вирусты вакцина алмай тұрып кездестірді деген сөз. Сондықтан, вакцина алса да ауырған. Ондай адамдардың да өмірмен қоштасуы өте сирек болады. Бір-екі жағдай болғанын мен де естідім. Вакцина алғаннан кейін, ауырып, көз жұмған. Бірақ бұлар ілеспе аурулары көп, егде адамдар еді», - деген дәрігер вакцина алғаннан кейін кемінде 10 күн сақтанып жүру керектігін ескертті.

«Егер адам вакцина алғаннан кейін тым құрығанда 10 күн өткен соң вирусты жолықтырған болса, мұндай қайғылы жағдай болмаушы еді. Вакицна алғаннан кейін вирус неғұрлым кеш жолықса, ағзаға соғұрлым жеңіл болады. Вакцина бірінші күннен бастап қауіпсіздікке кепіл бола алмайды. Екпе алдың ба, алғашқы 10 күнде үйден шықпа, вакцинаға антидене қалыптастырып ал», - дейді маман.

Рафаил Розенсон бұған дейі вакцина алғанан кейін қайтыс болған адамдардың ешбірінде вакцинаны ауруды белсендіргені туралы дәлел жоқ деген пікір айтты.

«Көбінесе адамдар екі фактордан көз жұмған. Не қан құрамындағы цитокиндердің күрт артуынан, не тамыр ішінде қанның белсенді ұюынан қайтыс болған. Аталған ақауларды вакцина туғызғаны туралы бір де бір дәлел жоқ. Ал адам вакцина алғаннан кейін 14 күн өткен кезде вирус жұқтырса инфекция әлдеқайда жеңіл өтеді», - деді сарапшы.


Соңғы жаңалықтар