Вакцина: Алматыда 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды
Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 16 мамыр аралығында қалада барлығы 273 947 адамға екпе салынды. Вакцинацияның жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер саны - 30 491.
«Бүгінгі күнге дейін қазақстандық QazVac вакцинасын 2991 адам алды. 3 мамыр күні қытайдың Sinopharm вакцинасы 15 000 дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті бойынша 3959 адамға вакцина егілді» - деп атап өтті басқармадан.
Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.