Вакцина алмағандар қажылыққа бара алмайды - министрлік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин қажылыққа шығатын азаматтарға вакцина алу қажеттігін ескертті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жыл сайын қажылыққа әлемнің 160 елінен шамамен 2 миллион адам аттанады. Олардың ішінде 3-4 мың қазақстандық та бар.

«Барлық адамдар қажылыққа барар алдында менингококк инфекциясына қарсы егілуі қажет және олардың өздерімен бірге вакцинациялаудан өткені туралы анықтамасы болуы тиіс. Бұл - Сауд Арабиясы денсаулық сақтау министрлігінің талабы», - деді Ж.Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, менингококк инфекциясына қарсы вакцинацияны республика бойынша 5 жерде алуға болады. Олар - Атырау облысы (Open clinic ЖШС филиалы, Атырау қ., Студенттік тұйық көшесі, 205 А), Жамбыл облысы (КТҒКО ЖШС филиалы, ZHANUYA емханасы, Тараз қ., Пушкин көшесі, 41), Оңтүстік Қазақстан облысы (№ 1 Шымкент қалалық ауруханасы, Шымкент қ., Г. Иляев көшесі, 51), Алматы қаласы (Фармаком ЖШС вакцинациялау клиникасы, Қарасай батыр көшесі, 30; Бузурбаев көшесі, 24; IMC Медицина орталығы, Мұқанов көшесі, 235) және Астана қаласы (Open clinic ЖШС филиалы, Астана қ., Отырар көшесі, 8/2).

Сондай-ақ, қажылық кезінде жеке гигиена шараларын сақтау қажет. Атап айтқанда, дезинфекциялайтын сулықтарды пайдалану, қоғамдық жерлерде бетперде тағып жүру, түйелер жиналатын жерлерге жақындамау, қайнатылмаған және пастерленбеген түйе сүтін қолданбау, рұқсат етілмеген сауда орындарында тамақ өнімдерін алмау керек. Ал қажылықтан кейін кез келген ауру белгілері (қалтырау, температураның көтерілуі, тамақ ауруы және басқасы) пайда болса, дереу дәрігерге хабарласқан жөн. Қажылыққа барғаны туралы бірден айту қажет.

Айта кетейік, Ж.Бекшин жаз кезінде той тағамдарын дайындау қауіпсіздігіне де тоқталды. Оның айтуынша, алдымен аспаздардың кәсіби дайындығын тексеріп алу қажет. Бас аспазда санитарлық кітапша болуы тиіс. Сырттан адам тартуға болмайды. Ыдыс-аяқты жуып тұратын адамдардың саны да жеткілікті болуы шарт.

"Сосын тамақты сақтайтын арнайы құрал-жабдықтардың бар-жоғын тексеріп алған жөн. Дайын тұрған тамақ тоңазытқышта сақталуы қажет. Мейрамxанада ыстық су болуы тиіс. Тазалыққа баса мән беру керек. Негізі, тамақ жасайтын жердің санитарлық жағдайы жаппай улануға себеп болып жатады. Тойдың дастарқанын бір сағат бұрын жасаған дұрыс. Одан ерте жайылса, дайын тамақта микроағзалар тез өседі. Содан адам уланады. Әрине, тамақ өнімдерінің сақтау мерзімін үнемі бақылап отыру қажет", - деп атап көрсетті Ж.Бекшин.  

Бұдан бөлек, Бас санитарлық дәрігер тойда жаппай уланудың басты себебін атады. 

Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті жазғы демалыс кезінде бірқатар мемлекеттерде вирустардың өршіп тұрғанын ескертеді. 

Сонымен бірге, Ж. Бекшин балаларға арналған жазғы лагерьге қойылатын талаптарды да атап өтті.

Соңғы жаңалықтар