Вакцина алмаған туристердің Эйфель мұнарасына кіруіне тыйым салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парижде Францияның басты символына келушілерге шектеу қояды.

Эйфель мұнарасына коронавирусқа қарсы вакцинацияланған адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі. Мұнара бүгіннен бастап келушілерге ашылады.

«Біз көне ғимаратты талғампаздықпен және ұқыптылықпен оятуға дайындалып жатырмыз, өйткені ол 250 күн жабық болып ұйықтағандай мүлгіп тыныш тұр еді», - деді мұнара операторының жетекшісі Жан-Франсуа Мартин.

20 шілдеге дейін Эйфель мұнарасы барлық адам үшін ашық болады, бірақ 21 шілдеден бастап коронавирусқа қарсы вакцинацияланбаған азаматтарға кіруге тыйым салынады.

Сонымен қатар, әлеуметтік арақашықтықты сақтау үшін келушілер саны күніне 10 мың адаммен шектеледі.

Мартиннің айтуынша, жақын арада мұндай шектеулер Франциядағы барлық көрнекі орындар үшін қалыпты жағдай болады.

Таиланд туристік маусымды ашты. Бұл елдің үш аралы COVID-19 вакцинасы бар туристерді күтеді.

Сиам шығанағындағы Самуи, Фханган және Тау аралдары коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияланған туристерді қабылдай бастады.

Сонымен қатар, Самуи курорттарында демалу үшін туристер алғашқы үш күнде қонақ үйден шықпауы, жеті күн ішінде аралда қалуы тиіс.

Осы белгіленген шектеу уақыты өткен соң ғана ел қонақтары Панган немесе Тау аралдарына бара алады.

Бірақ, ол үшін туристер COVID-19-ға ПТР-тест тапсыруы керек.



Соңғы жаңалықтар