+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Вакцина алмаған балалар сирек ауырады - фейк

2020 жылғы 30 қараша 18:12
Бөлісіңіз:
Вакцина алмаған балалар сирек ауырады - фейк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазнетте кесте бойынша егілгендерге қарағанда екпе жасатпаған балалардың сирек ауыратыны туралы фейк ақпарат таратылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бір аптада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті – ДДҰ Коронавирус: Тараз «сары аймаққа» енді Қазақстанда 25 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Оған сәйкес, зерттеуді доктор Пол Томастың клиникасы жүргізген. Қорытынды шындыққа жанаспайды, ал тұжырымның өзі – фейк.

Пол Томас вакцинациялаудың зияны және індеттің ойдан шығарылғандығы туралы мәлімдемелерімен танымал. Сондай-ақ, америкалық дәрігер вакцинациялаудың аутизмнің дамуына әсері туралы теорияны да қолдайды.
Шын мәнінде, бұл миф бұрын әшкереленген. Бірқатар тәуелсіз зерттеулер аутизм мен вакцинациялаудың арасында ешқандай байланыс жоқ екенін дәлелдеді.

Қазнет қолданушылары жариялаған вакцинацияланған және вакцинацияланбаған балалардың педиатрға жүгінулер саны көрсетілген кестелер дұрыс деп айту қиын. Онда зерттеуге қатысушылардың саны да, оны жүргізу кезеңі де көрсетілмеген. Сонымен қатар, бұл жағдайда туа біткен патологиялардың, созылмалы аурулардың, анамнездің болуы немесе болмауы сияқты басқа да маңызды факторлар көрсетілмеген.
Алайда, доктор Томас осы сияқты тәжірибелер арқылы екпе жасатудың зиянын дәлелдеуге тырысқан жалғыз адам емес. Алайда, оның өзі де, оның пікірлестері де сенімді қорытынды жасай алмады.

Сонымен қатар, ДДСҰ сайтында бес жасқа дейінгі емделетін аурулардан көз жұмған балалар арасындағы өлім-жітім статистикасы жарияланды. Жаппай вакцинациялау жүргізуге қаржысы жетпейтін және балалардың көпшілігі екпе жасатпаған «үшінші әлем елдерінде» көрсеткіштер жоғары.

2018 жылы Еуропада қызылша ауруынан 37 адам қайтыс болды. Бұл – соңғы онжылдықтағы рекордтық көрсеткіш. Мамандар жақсы зерттелген аурудың өлім-жітім көрсеткішінің күрт өсуін ата-аналардың балаларға екпе жасаудан жаппай бас тартуымен байланыстырды.

Сарапшылардың басым бөлігі уақтылы вакцинациялау өлім жағдайларын едәуір төмендетуі мүмкін деген пікірде. Көптеген зерттеулерге сәйкес, вакцинацияланған адам екпе жасатқан аурумен ауырса да, ауру жеңіл түрде өтеді және асқыну жағдайлары болмайды.

Жалпы, мектеп жасына дейінгі балалар ересектерге қарағанда жиі ауырады – әдетте балалар 6-дан 12 рет ЖРВИ-ге шалдығады. Ауру ауыр түрде және ұзаққа созылғанда ғана дабыл қағу керек. Баланың қаншалықты жиі және ауыр түрде ауыратыны оның өмір салты мен тұқым қуалаушылығына байланысты.

Бұдан вакцинациялаудың балалардың иммунитетін төмендетеді дегенге ешқандай негіз жоқ. Керісінше, дәлелді медицинаға сәйкес, иммундау қауіпті ауруларды болдырмаудың жолы болып табылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT