Вакцина алмаған адамдар коронавирусты қайта жұқтыруы мүмкін - маман

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауырып жазылған адамдардың коронавирусқа қарсы иммунитеті тұрақсыз болып келеді. Бұл туралы Алматы қаласы №8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, вирустың жаңа нұсқаларының пайда болуы, науқастардың өз қауіпсіздігіне ұқыпсыз қарауы, алғашқы инфекция кезінде әлсіз иммундық жауап, қалпына келгеннен кейін IgG антиденелерінің жеткіліксіз мөлшері індетті қайта жұқтыруға ықпал етеді.

«Дәрігерлер COVID-19 туралы әлі де аз біледі, бұрын ауырған адамның иммунитеті қаншалықты ұзаққа жететіні туралы ақпарат жоқ. Сондықтан антиденесі бар адамдар коронавируспен қайта ауырып қалу мүмкін бе деген сұраққа нақты жауап беру өте қиын, өйткені COVID-19 қоздырғышы бүгінгі күні нашар зерттеліп отыр», - дейді Фарида Ағыбаева.

АҚШ сарапшылары мен вирусологтарының пікірінше, COVID-19 дертін жеңген пациенттердің үш тобы бар: күшті, әлсіз және орташа.

Бірінші топ мықты, оған жаңа коронавируспен ауыратындардың барлығы кіреді.

Ғалымдардың пікірінше, олардың иммунитеті кейінірек жұқтырған жағдайда SARS-CoV-2-мен жақсы күреседі.

«Мұндай иммунитеті бар адам ковидті бірнеше рет жұқтыруы екіталай. Екінші топ әлсіз, бұл топқа ковидті жиі жұқтырған науқастар жатады әрі оларда вирусқа қарсы антидене жоқ. Бұл жағдайда адам ауруды жеңе алады, бірақ дене жасушалары оны «есіне түсірмейді», жаңа инфекцияға антидене пайда болмайды және қайта жұқтырған жағдайда COVID-19 жоюға көмектесе алмайды», - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, науқас тағы да ауырып қала ма, жоқ па, ол инфекциямен кездескен сәттегі иммунитеттің жай-күйіне байланысты болады.


Соңғы жаңалықтар