Вакцина алғаннан кейін коронавирус жұқтырғандар тіркелді ме - министрдің жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Вакцинаның кері әсері сирек кездеседі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Хабар» арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцинаның теріс әсері өте сирек болады. Вакцина егілгендердің 1%-ында ғана теріс реакция болғанын анықтадық. Мұны кері әсер деп те айтуға келмейді, себебі ол вакцина егілген жердің ісіп кетуі сияқты сипатта болады және 1-2 күнде қалыпқа келеді», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Оның айтуынша, вакцина алған адам 45 күн ішінде науқаспен байланыста болса екінші рет вакцина алғанға дейін қайтадан ауырып қалуы мүмкін.

«Иммунитет вакцина алған күннен 45 күн өткен соң қалыптасады. Сол үшін осы күндер аралығында сақтанып жүру керек. Вакцина алғаннан кейін 2-3 күн өткенде науқаспен байланыста болып, ауырып қалған 3-4 жағдай кездесті. Ал вакцинаны екі рет алғаннан кейін ондай жағдайға тап болғандар болған жоқ», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар