+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Вакцина алғаннан кейін қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды

2021 жылғы 28 шілде 20:33
Бөлісіңіз:
Вакцина алғаннан кейін қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина салдырса да, коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда кеншілер мен металлургтер арасында екі автокөлік ойнатылды Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды Түркістан облысына Vero Cell вакцинасының 127 мың дозасы жеткізілді

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта вакцинациядан кейін 6 420 адам ауырып қалған.

Оның ішінде «Спутник» алған 5 511 адам, «Hayat Vax» - 665, «QazVac» - 113 және «CoronaVac» салдырған 124 адам бар.

«Айта кетейік, мұнда әлі де вакцина алғандардың үлесі өте аз: екпе салдырған 5,2 миллион адамның 0,1% ғана ауырып қалған. Бұл вакцинаның тиімді әсер ететінін, яғни аурудан қорғайтынын көрсетеді. Және вакциналаудың дельта-штаммнан да қорғай алатынын көрсетеді»,-деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде журналистер сұрағына берген жауабында.

Айта кетейік, Қазақстан коронавирусқа қарсы тағы бір қытайлық вакцина сатып алуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT