+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Вакцина алған қостанайлықтар арасында автокөлік ойнатылып жатыр

2021 жылғы 3 тамыз 13:41
Бөлісіңіз:
Вакцина алған қостанайлықтар арасында автокөлік ойнатылып жатыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында вакциналанғандар арасындағы жаңа ұтыс ойыны туралы бүгін әкімдіктегі жиналыс барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда вакцина салдырған 18 жасар бозбала миллионер атанды Қостанайда гаражда пайдаланылған құрылыс көбігінің газы қопарылып, екі адам зардап шекті COVID-19 вакцинациясын алған Саран және Ақтас тұрғындарына сыйлықтар беріледі

Әкім Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Штаб отырысы барысында ол кәсіпорындарда вакцинация жүргізу барысы туралы өзінің орынбасары Арман Әбеновті тыңдады, сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысы қаралды.

«Қазіргі уақытта инфекциялық орындардың жүктемесі 57,9%, 1 123 адам ем қабылдап жатыр. Бүгінгі күнде облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 259 500 дозасы және екінші компонентінің 183 250 дозасы жеткізілді. Вакцинаның бірінші компонентін 245 мыңнан астам адам, яғни халықтың 48,7%-ы салдырған. Екінші компонентпен халықтың 33%-ы егілген», - деді А.Мұхамбетов.

Сонымен қатар, өңір басшысының айтуынша, облыстың кейбір кәсіпорындарында вакциналанған қызметкерлерді ынталандыру шаралары қолдануда. Мысалы, «Сарыарұа автопром» ЖШС вакциналанғандар арасында «Қарағайлы орман» санаторийіне жолдама ойнатып жатыр.

«25 маусым мен 1 тамыз аралығында 10 айфонның ұтыс ойыны жарияланған болатын, кеше оның қорытындысы шығарылды. Бүгін біз 1 тамыздан 1 қазанға дейін 1-компонент алған 18 жастан асқан облыс тұрғындары арасында тағы да ұтыс ойынын жариялаймыз. Бұл жолы көлік ойнатылады», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Архимед Мұхамбетов кәсіпорын басшыларынан коронавирусқа қарсы вакцина алған қызметкерлерді ынталандыруды сұрады.

«Құрметті тұрғындар өздеріңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін және КВИ-ге қарсы уақытылы вакцина алу үшін жауапкершілік танытуды сұраймын», - деді ол.

Еске сала кетейік, кеше Қостанайда вакциналанған облыс тұрғындары арасында 10 iРhone ойнатылған болатын.


Авторы Жанна Мұсабаева


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT