USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Вакцина алған қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды

2021 жылғы 15 қазан 17:46
Бөлісіңіз:
Вакцина алған қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың вакцина алған қанша адам КВИ-мен ауырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО стационарларында коронавирустан емделіп жатқандар азайып келеді Алматы облысында 672 науқас коронавирустан емделіп жатыр Ақтөбеде вакцина паспортын сатқан мейірбике ұсталды

Орталық коммуникациялар қызметінде вакцина алған қанша адам коронавируспен ауырғаны сұралды.

«Вакциналаудан кейін 21 813 адам ауырды. Оның ішінде «Спутник V» вакцинасынан кейін 18 мың адам, QazCovid-in – 436 адам, Sinopharm-нан (Hayat-Vax) кейін 2 173 адам ауырды», - деді Е. Қиясов.

Оның айтуынша, Pfizer екпесінен кейін 17 ауырды, олар осы вакцинаны шетелде алған. CoronaVac вакцинасын алған 603 адам індетке шалдықты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде ревакцинация қалай ұйымдастырылатынын түсіндірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT