+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Вакцина алған астаналықтар iPhone12 және тұрмыстық техника ұтып алды

2021 жылғы 2 тамыз 20:48
Бөлісіңіз:
Вакцина алған астаналықтар iPhone12 және тұрмыстық техника ұтып алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакциналанғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды Коронавирус алдында балалардың анағұрлым осал тобы аталды Ресейде бес күн қатарынан коронавирустан тәулігіне 800 адам көз жұмды

31 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде iPhone12 телефонының тағы 2 данасы және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші легі ойнатылды.

Ұтысқа 24 шілде мен 30 шілде аралығында вакцинация пунктерінде (медициналық мекемелер, сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері) егілген

барлық азамат қатысты. Вакциналанғандар ұтыс ойынына автоматты түрде қатысады. Арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.

Жеңімпаздар: iPhone 12 телефондары: № 12016 – Күлшара Ибраева және № 6159 – Бекзат Өтеуов;
«Sulpak» дүкенінің тоңазытқышы: № 8998 – Валентина Ясневская;
«Sulpak» дүкенінің теледидары: № 89 – Зулхия Шакубаева;
«Sulpak» дүкенінің микротолқынды пеші: №12902 – Нұралин Рүстем.

«Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын апта сайын өткізеді. Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакциналанғандардың арасында тағы 3 iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына «Абу Даби Плаза», «Керуен», «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық орталықтарында және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакциналанған азаматтар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді», - деді қала әкімдігінен.

Ұтыс ойындары апта сайын — жаздың соңына дейін өтеді.



Айта кетейік, Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Ол жүлде иелерін вакциналанғандардың ID нөмірі арқылы таңдайды. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Бұған дейін хабарланғандай, осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары елордада жылжымайтын мүлікті ұтып ала алады. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО-лар және сауда үйлері. Ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакциналанғандар арасында автокөлік ойнатылатыны мәлім етілуде.

«Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60% асуы керек», - деп толықтырды қала әкімдігінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT