Вакантты 282 судья лауазымына конкурс жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 21 шілдеде Жоғары сот Кеңесі вакантты 282 судья лауазымына орналасу үшін конкурс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде:

облыстық соттың сот алқасы төрағасының бос орны – 6;

облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 18;

аудандық және оған теңестiрiлген соттар төрағаларының бос орындары – 82;

аудандық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 176.

Нақты лауазымдар және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат Кеңестің сайтында орналасқан.


Соңғы жаңалықтар