+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

ВАК ұжымдық иммунитет үшін вакциналанатын халықтың санын ұлғайтты

2021 жылғы 13 қазан 21:18
Бөлісіңіз:
ВАК ұжымдық иммунитет үшін вакциналанатын халықтың санын ұлғайтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия қжымдық иммунитет үшін вакциналанатын халықтың саны ұлғайту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 8,2 млн адам вакцина салдырды Жалағаш ауданында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындар түгелдей екпемен қамтылды - Қызылорда Қазақстанда 8,16 млн адам вакцина алды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидахуалды баяндай келіп, кейінгі екі аптада COVID-19 ауруының деңгейі 30%, өлім-жітім 40% төмендегенін атады.

«Жиын қорытындысы бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды», - деп жазды ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында.

Соның ішінде COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакциналауға жататын контингент бұрынғы 9,9 миллин адамнан 11,4 млн адамға дейін ұлғайтылды.

Ресми түсіндірмеде бұл шешім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келетіні айтылған. Халықаралық стандарт бойынша, COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың 60%-ы екпе алу керек болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT