USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

ВАК отырысы: Ералы Тоғжанов омикрон штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді

2021 жылғы 3 желтоқсан 09:23
Бөлісіңіз:
ВАК отырысы: Ералы Тоғжанов омикрон штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпара Рrimeminister.kz -ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 123 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті Қызылордада коронавирус жұқтырғандар арасында бір жасқа дейінгі нәрестелер саны басым Бейжің Олимпиадасына келген 15 адамнан коронавирус анықталды

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер COVID-19-ға қарсы күресу, «омикрон» жаңа штаммы таралған елдерде болған қазақстандықтардың оралуы және одан кейінгі карантинде болуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысты болды. Вице-Премьер елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтіп, халықты коронавирус инфекциясына және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.
Ведомствоаралық комиссия жоспарлы иммундаумен қамту оңтайлы көрсеткіш 95%-дан кем емес болған жағдайда 10 ай ішінде 79%-ды құрайтынын атап өтті. Республиканың барлық өңірінде пневмококк инфекциясы, көкжөтел, дифтерия, сіреспеге (АКДС) қарсы вакциналаумен қамтуға қол жеткізілмеген. Республикалық мәннен төмен көрсеткіштер Атырау (62,3%), Павлодар (64,7%), Ақтөбе (66,1%), Маңғыстау (66,4%), Батыс Қазақстан облыстарында (67,4%) және Алматы қаласында (63,4%) байқалады. Иммундау қарқыны қазан айынан бастап тұрақты төмендеп келе жатқан өңірлердің, Қарағанды, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басшыларына сеніп тапсырылған аумақтардың халқын вакциналаумен қамтуды ерекше бақылауға алу тапсырмасы берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT