Вадим Пронский Франциядағы турнирде жас шабандозға берілетін ақ жейдені киді

None
None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Францияда велоспорттан Tour de l'Ain көпкүндігі жалғасуда. Қазақстандық Вадим Пронский үздік жас велошабандоз жейдесіне киді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Үшінші кезең қорытындысы бойынша Вадим Пронский мәреге оныншы болып келді. Осыдан соң Пронскийге үздік жас велоспортшыға берілетін ақ жейде сыйға тартылды.

Жалпы есепте Вадим Пронский жетінші орынға көтерілді.

Евгений Федоров пен Глеб Брусенский үшінші кезеңде тиісінше 20, 21-ші сатыға тұрақтады. Жалпы есепте олар 82,84-ші орында келеді.

Соңғы жаңалықтар