Вадим Куралес «Азия балалары» спорттық ойындарында жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас биатлоншы Вадим Куралес Реседегі Оңтүстік Сахалинде өтіп жатқан «Азия балалары» І Халықаралық қысқы спорттық ойындарда алтын жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Вадим алты шақырымға созылған спринтерлер сайысында үздік шықты.

Бұл сында тағы бір қазақстандық спортшы Данил Червенко тұғырдың үшінші сатысынан көрінді. Екінші орынды Сахалин облысының өкілі Роман Бойчевский иеленген.

Қазақстан командасының қоржынында күміс жүлде де бар. Биатлоншы Арина Шешукова спринтте екінші орын алды.

Еске сала кетейік, «Азия балалары» турниріне 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысады.

Жарыс 8-17 ақпан аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар