ВАДА допингімен ұсталған Алматы облысының балуаны Александр Касачёвке «Қазақстан барысына» қатысуға рұқсат берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің биылғы жылғы төрт қатысушысының талдамалық сынамаларынан тыйым салынған мельдоний субстанциясының табылуына байланысты, төрт балуанды жарысқа шығудан шеттеткен болатын.

Алайда, осыдан екі күн бұрын жарыстардан уақытша шеттетілген төрт балуанның үшеуіне қайта жарысқа шығуға рұқсат етілді. Олар - Мереке Тұрашев (Ақмола облысы), Самир Мамедов (Павлодар облысы) және Айбек Нұғымаров (Шығыс Қазақстан облысы).

Бүгін Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің (ВАДА) соңғы шешімі белгілі болып, төртінші Алматы облысының балуаны Александр Касачёвке де жарысқа шығуға рұқсат етілді. Сонымен биыл 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларынан іріктелген 34 балуан толық құрамда өнер көрсететін болды.

Естеріңізге сала кетейік «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы 3 шілде күні Астана қаласында сағат 12:00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өткізіледі.

1-ші орын - 25 000 000 теңге,

2-ші орын - 5 500 000 теңге,

3-ші орын - 1 800 000 теңге болады.

Сонымен қоса, биыл турнир тарихында тұңғыш рет жеңімпаз ақшалай сыйлықтан басқа Астана қаласынан пәтер кілтіне ие болады.  Ақшалай жүлделер жеңіске жеткен балуандардың жаттықтырушыларына де беріледі.

Соңғы жаңалықтар