В.Школьник: Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік 500 кВ транзитінің ВЛ құрылысы 2018 жылы аяқталады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник Шығыс Қазақстанға жасаған ресми сапарының барысында «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтөбе-Талдықорған-Алматы» жоғары вольтті желілердің құрылысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысының Жолдауында аталған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатына сәйкес, «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтөбе-Талдықорған-Алматы» бағыты бойынша жоғары вольтті желілерді салу міндеті қойылды.

«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік 500 кВ транзитінің ВЛ құрылысы» көлемді жобаның құрамдастары болып табылатын бұл желілердің құны 120 млрд. теңгені құрайды, құрылысы 2018 жылы аяқталады. Жобаға ұзақтығы шамамен 1500 шақырымды құрайтын 500 кВ-ті жоғары вольтті электр тасымалдау желілерін салу және Семей, Ақтоғай және Талдықорғанда 500 кВ-ті үш жаңа қосалқы стансалардың құрылысы кіреді.

«Электр энергиясының тапшылығы проблемасын шешу үшін Екібастұз-Семей-Өскемен электр тасымалдау желілерін салу сияқты жобалар іске асырылуда. КЕGOC-тың жеке қаражатынан бөліп отырған инвестициялардың көлемі - 43,50 млрд. теңге. 500 кВ желі шығыс аймағының электр энергиясымен қамтамасыз етілуін 540 КВт-қа арттыруға мүмкіндік беріп, еншілес кәсіпорындар, ең алдымен - ШҚО тау кен-металлургия кешені, соның ішінде Ақтоғай ТБК және т.б. дамуы үшін турбулентті жағдайлар жасайды. Екінші жоба - Семей-Ақтөбе-Талдықорған-Алматы желісінің құрылысы. Бұл 8,5 млрд. теңгені құрайтын жеке қаражат және КЕGOC-тың IPO аясында инфрақұрылымдық облигацияларын шығару арқылы қарызға алынған 68 млрд. теңге», - деді В.Школьник кездесу барысында.

Жоба екі кезеңмен орындалады. Құрылыс кезеңінде 1,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады, ал жобаның аяқталуында 97 тұрақты жұмыс орны сақталады.

Бүгін Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен ҚР Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихаттау тобы келді. Энергетика министрі В.Школьник Өскеменде «Қазмырыш» және «ӨМЗ» кәсіпорындарының ұжымдарымен кездесті.

Сол уақытта Семейде қаланың еңбек ұжымдарымен осыған ұқсас кездесуді «KEGOC» АҚ басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев өткізді. Ол осы орында «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік 500 кВ транзитінің ВЛ құрылысы» жобасының іске асырылу барысымен танысып өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің ақпараттық қызметінен.

Соңғы жаңалықтар