В. Путин Сириядағы соғыстың негізгі себебін ашып берді

None
None
АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - G20 саммиті бойынша арнайы баспасөз мәслихатын өткізген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Сириядағы соғыстың негізгі себебін ашып берді.
Оның айтуынша, Таяу Шығыста болатын барлық жағдайлар әлемдік экономикаға қатты әсер етеді. «Себебі ол аймақ әлемнің басым бөлігін энергия ресурстарымен қамтамасыз етіп отыр. Біз білеміз, сол жерде қандай да бір шиеленістер болып қалғанда, мұнайдың бағасы бірден шарықтап кетеді. Соның салдарынан әлемдік экономиканың даму қарқыны тежеле бастайды», - дейді В.Путин. Осыған байланысты G20 саммитіне қатысушы мемлекет басшылары Сирия мәселесін жан-жақты талқылап, бір шешімге келуге тырысты. Алайда олар Сирияға халықаралық интервенцияны енгізу мәселесі бойынша екі «лагерьге» бөлінді.
Соңғы жаңалықтар