V Қысқы республикалық спартакиадада алматылық спортшылар жеңіске жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда V Қысқы республикалық спартакиада аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының спорт басқармасында мәлім еткендей, желтоқсан айының 4-27 аралығында өткен V Қысқы республикалық спартакиададаның қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте - Алматы қаласының спортшылары жеңіске жетті (5795,4 ұпай).

Екінші орынды - ШҚО командасы алды (5664 ұпай).

Үшінші орын - Ақмола облысының спортшыларына бұйырды (2593 ұпай).

Алматылық атлеттер - 6 алтын және 5 күміс медаль иеленді.

Жүлдегерлер кубоктар, медальдар және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Спартакиаданың аяқталу рәсімі бүгін «Almaty Arena» мұз айдынында өтті.

Айта кетейік, бұған дейінгі өткен спартакиада да алматылық спортшылар жеңімпаз атанған болатын.

Еске салсақ, Алматыда V Қысқы республикалық спартакиада 21 желтоқсанда салтанатты түрде ашылған еді. Қысқы спорт ойындарына еліміздің ең мықты спортшылары: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей (ерлер), шайбалы хоккей (әйелдер), тау шаңғысы спорты, аралас шаңғы, шаңғымен секіру, сноуборд, фристайл-могул, фристайл акробатика спорт түрлері бойынша сынға түсті.



Соңғы жаңалықтар