Вьетнамдық инвесторлар Қазақстанда қонақүй бизнесінің дамуына қызығушылық білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев "Sovico Holding" басқармасының төрағасы Нгуен Тан Хунгпен кездесті.

Кездесу барысында, Вьетнамдық тарап Қазақстанға өз еліндегі жағажай курорттарын бірігіп дамытуға ұсыныс білдірді. Сонымен қатар, инвестициялық холдинг Қазақстандағы қызмет етуші отельдерді сатып алуға және оны жаңартуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, әңгіме барысында "Sovico Holdings" холдингінің құрамына кіретін "VietjetAir" ең ірі әуе компаниясының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тур топтамаларды бірігіп дамыту туралы ұсыныс жасалды. Өз кезегінде қазақстандық тарап еліміздегі туристік саланы 2020 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасын іске асыру шеңберіндегі инвестициялық жобалардың таныстыру рәсімін өткізген болатын. Атап айтқанда, жүздесу барысында Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың жобасы бойынша инвестициялық ұсыныстар мен ақпараттар берілді.

Соңғы жаңалықтар