Вьетнамдағы су тасқынынан 20 адам көз жұмды

None
None
ХАНОЙ. ҚазАқпарат – Вьетнамда нөсер жаңбырдың салдарынан болған қатты су тасқыны мен көшкін салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тауып, тағы 14 адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат VnExpress-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен сейсенбіден бастап бұл аймақ нөсердің астында қалған. Жексенбіде Куангнам мен Куангнгай провинциялары арасындағы аумақта соққан Линф дауылы жағдайды одан әрі қиындатқан.

Соңғы мәліметтер бойынша, Куангчи провинциясында кемінде алты адам көз жұмды. Куангнамда бес өлім туралы хабарланса, Тхуа Тхиен-Хуюде 3 өлім расталды. 50 000-ға жуық адам эвакуацияланды.

Өткен аптаның ортасынан бастап орталық жағалауда қатты жаңбыр құйып, кей аудандарда жүздеген үй 4 метрге жуық су астында қалды. Ха Тинь, Куангнам, Куангбинь, Куангчи және Тхуа Тхиен-Хюэ провинцияларындағы, сондай-ақ Дананг қаласындағы 206 коммунадағы 100 000-нан астам үй 0,3-3 метр тереңдіктегі су астында қалған.

Соңғы жаңалықтар