Вьетнамдағы су тасқыны: 36 адам мерт болып, 12-сі із-түзсіз жоғалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вьетнамның орталық аудандарында нөсер жауыннан туындаған су тасқыны мен көшкін салдарынан 36 адам мерт болып, 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вьетнамдық VnExpress онлайн-газетінің жазуынша, 11 қазан күні таңертең «Линфа» дауылы соғып, нөсер жаңбыр жауған, салдарынан Вьетнамның орталығында су тасқыны күшейді. Көз жұмғандардың көпшілігі ең қатты зардап шеккен Куангчи, Тхыатхьен-Хюэ және Куангнам провинцияларының тұрғындары.

14 қазанда күндіз Вьетнамның солтүстік-орталық ауданына «Нангка» дауылы соғады деп болжанғандықтан, билік өкілдері әуежай мен жағжайларды жабу туралы шешім қабылдады. Вьетнамның азаматтық авиация басқармасы Нгеан провинциясындағы Винь әуежайы мен Тханьхоа провинциясындағы Тхо Суан әуежайы 14 қазанда жергілікті уақытпен түс мезгілінен 21.00-ге дейін жабық болатынын ескертті.

Биыл Вьетнамда қуатты тайфун, созылмалы жауын-шашын мен су тасқыны 98 адамның өмірін қиды, табиғат апаты елге $217 млн-ға жуық экономикалық шығын әкелді.


Соңғы жаңалықтар