Вьетнамда тоннель құлап, 11 адам үйіндінің астында қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамдық Ламдонг провинциясындағы СЭС аумағында салынып отырған тоннель сейсенбі күні таңертең құлады.

Апат салдарынан 11 адам үйіндінің астында қалып қойды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Оның мәліметтерінше, құрылысшылармен байланысқа шығу әзірше мүмкін болмай отыр.

Қазіргі кезде құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Тоннельдің құлау себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар