Вьетнамда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

None
ХАНОЙ. Тасс-ҚазАқпарат – Вьетнамда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқас тіркелді. Бұл туралы Хошимин қаласының денсаулық сақтау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау секторы аурудың таралуына байланысты жағдайды бақылауда ұстап отыр», - деді қалалық денсаулық сақтау департаментінің директоры Тан Чи Тхыонг.

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі өткен айда маймыл шешегі вирусын анықтау және елге енуіне жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтуге бұйрық шығарған. Вьетнамға ауру байқалған елдерден немесе аймақтардан кіретіндердің барлығы 21 күн ішінде денсаулық жағдайын өз бетінше бақылауы керек, ал бөртпе, бас ауруы, безгек, қалтырау, тамақ ауруы, әлсіздік, шаршау немесе ісінген лимфа түйіндері сияқты белгілер пайда болса, дереу медициналық мекемелерге жүгінуі керек.

Мұндай белгілері бар адамдар арықарай тексерілуі үшін уақытша оқшаулануы керек және қажет болған жағдайда медициналық мекемелерге ауыстырылуы тиіс.



Фото: nauka.tass.ru





Соңғы жаңалықтар