Вьетнам радиосында қазақ әндері шырқалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың күйлері мен халық әндері Вьетнам радиосында әуелейді, ал Қазақ радиосы тыңдармандарға беймәлім болып келген вьетнам халқының әуендерін таныстырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақ радиолары» ЖШС сілтеме жасап.

Бұл туралы «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры Мәди Манатбекұлы мен Вьетнамдық VOV3 музыкалық арнасы директорының орынбасары Tran Nhat Duong Астанада өтіп жатқан «Азияның медиа диалогы» форумында уағдаласты. Одан бөлек, қос тарап мәдениет пен туризмді дамытуға бағытталған тың жобалар әзірлеуді жоспарлап отыр.

«Вьетнам радиосы «Қазақ радиолары» серіктестігі секілді әлеуметтік және қоғамдық бағытта жұмыс істейді екен. . Вьетнамдықтарды біздің ұлттық және классикалық музыкамыз қызықтырып отыр. Ал, бізге олардың туризм бағытындағы бағдарламасы керек. Өйткені, Вьетнам - Қазақстан үшін әлі толық танылып үлгермеген ел. Сондықтан, екі елдің радиолары мәдениет және саяхат саласын қал-қадерінше дәріптеуге келістік», - деді «Qazaq radiolary» ЖШС бас директоры Мәди Манатбекұлы.
null

Өз кезегінде өз ойын ортаға салған VOV музыкалық арнасы директорының орынбасары Tran Nhat Duong мырза бұл уағдаластықтың екі ел арасындағы мәдениет пен туризмнің дамуына ықпал ететінін атап өтті.
null

«Қазақ елінде табысты келісім жасағанымызға қуаныштымыз. Құшақ жая қарсы алғандарыңызға айтар алғысымыз шексіз. Болашақта осы кездесудің қорытындысы бойынша екі тарап ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоятын болады. Бұл құжат - екі елдің мемлекеттік радиолары арасындағы байыпты байланыстың берік іргетасы болып қаланатынына сенімдіміз. Екіжақты келісім болашақта мәдениет пен туризмнің дамуына өзіндік септігін тигізеді деп ойлаймыз. Кездесуге шақырғандарыңызға рахмет! Кездесу қорытындысы бойынша көп күттірмей бірлескен жұмысты бастауға кірісеміз»,- деп ризашылығын білдірді ол.

Еске сала кетсек, Астанада тұңғыш рет радионы дамыту мәселелеріне арналған «Radio Asia 2018» халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Оған Үндістан, Мальдив, Вьетнам, Қытай, Ауғанстан, Түрікменстан, Түркия, Индонезия сынды Азия елдерінің радиожурналистері келді.
null

Соңғы жаңалықтар