Вьетнам, поляк, орыспен көрші болғанмын - Президент студенттік шағын еске алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз инновациялық институтының Студенттер үйін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Студенттердің жай-күйімен танысу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің студенттік шағын еске алды.

«Мен де Мәскеуде оқыған кезде осындай жатақханада тұрдым. Бір бөлмеде 4 адам, соның ішінде бір вьетнамдық, бір поляк, бір орыс жігіт болған еді. Жағдай жалпы жаман емес», - деді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының оқытушылармен және студенттермен кездесті.


«Еліміздің болашағы – жастар. Жаңа буын, жаңа толқын өсіп келеді. Білім алу өте маңызды. Абайша айтқанда, «толық адам» дегеніміз – ойы ұшқыр, зерек, білімге құштар адам. Әр нәрседе қанағат болуы керек. Бірақ білімге келгенде, қанағат болмауы керек. Әрдайым іздену керек. Еліміздің болашақта дамып, көркейген елге айналуы, алдымен, сіздерге байланысты. Біз сіздерге сенеміз, үлкен үміт артамыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: akorda.kz


Соңғы жаңалықтар