Вьетнам қазақ жазушысына медаль тапсырды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен салтанатты шарада академик, публицист Бақытқожа Рүстемовке Вьетнам жазушылар одағының медалі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марапат тапсыру рәсімі Вьетнамның ұлттық күніне арналған салтанатты қабылдау аясында өтті. Осы елдің Қазақстандағы елшісі Доан Тхи Суан Хйен ханым Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады. Олардың ішінде Григорий Шишов және Бақытқожа Рүстемов бар. Публицист Б.Рүстемов Вьетнамның тарихы мен саяси жүйесіне арналған екі бірдей кітапты шығарды. Сол үшін аталған елдің жазушылар одағы тағайындаған медальға ие болды.

ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Б.Рүстемов вьетнамдықтардың тұрмыс-салты, сол жақтағы коммунистік жүйенің елдің дамуына қалайша ықпал етіп отырғаны туралы айтып берді.

null  «Негізі, көп нәрсе басшыларға байланысты ғой. Егер басшы адал болса, қай мемлекет болса да, жетістікке жетеді. Себебі, халықтың қолдауы болады. Вьетнам да солай. Бұрын оларды екіге бөліп тастаған еді. Қазір халықтың бірлігі, отансүйгіштігі мен патриоттығының арқасында қайтадан қосылды. Экономикасы да жақсы дамып келеді», - дейді Б.Рүстемов.

nullЖазушы вьетнам халқының мінезін де жақсы біледі. Оның айтуынша, вьетнамдықтардың басты ерекшелігі - сабырлылық. Соның арқасында әлем бойынша ең ұзақ өмір сүретін ұлттардың қатарына кіріп отыр. Орташа жасы - 80.

«Олар ұрыс-төбелес дегенді түсінбейді. Бір-біріне жекіп сөйлемейді. Мәселен, Ханойда 7 млн адам тұрады. Көшесі ығы-жығы. Сонда бір ұрсысқанын көрмейсің. Өте сабырлы халық, күйіп-піспейді. Мектеп оқушылары да, студенттері де сондай. Ынтымақ-бірлігі мықты. Соның арқасында соғыста да жеңді ғой», - деп атап көрсетті Б.Рүстемов.

Вьетнамдықтар тарихи жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтайды. Көне жер табылса, соны жан-жақты зерттеп, жарыққа шығарып жатады. Вьетнамдықтардың арасында мұсылмандар да аз емес. Олар топтасып тұрады.

«Біз оларды толығымен буддист деп ойлаймыз. Жоқ, олай емес. Мұсылмандар да бар. Олардың аттары Зухра, Әбдірахман деп кете береді. Мешіттері де бар», - дейді Б.Рүстемов.

Айта кетейік, Вьетнам Социалистік Республикасының Жазушылар одағы Бақытқожа Рүстемовты  вьетнам әдебиетіне қосқан үлесі үшін марапаттады. Аталған медальді әлем бойынша бес адам ғана алған. Ал Орталық Азия жазушысына алғаш рет табысталып отыр.

Соңғы жаңалықтар