В.Божко жүздеген базарды жабуды көздейді

None
None
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгінде базарларды жабу бойынша сотқа жіберілген 103 іс бойынша оң шешім шығарылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Министрдің хабарлауынша, министрлік базарлардың өрт қауіпсіздігін ерекше назарда ұстауға мүдделі. Осыған орай, биыл республика бойынша 530 базар тексерілді. Соның нәтижесінде 4,5 мың құқық бұзушылық анықталып, 513 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Оларға 8,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. «Осы уақытқа дейін аудандық мамандырылған соттарға базарлардың жұмысын тоқтату туралы 130 арыз жіберілді. Оның 103-і бойынша оң шешім шықты. 23 арыз әлі сотта жатса, төртеуіне қатысты теріс шешім шығарылды. Қазіргі кезде тек Алматы қаласы бойынша ғана өрт қауіпсіздігі сақталмаған 24 базар бар», - дейді В.Божко.

Соңғы жаңалықтар