Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысы бар күдіктінің анасы сұхбат берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында дүйім жұртты шулатып, үш бірдей азаматты жауыздықпен өлтірді деген күдіктінің анасы ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді.

Жамбыл ауданының тұрғыны, күдікті  Мұрат Оңалбаевтың анасы  ұлының аталған қанды қылмысқа қатысы бар дегенге мүлдем сенбейді. Қайғыдан қан жұтқан ана, ұлы Мұрат әлдебіреудің арбауына түсті, деп күдіктенеді. Анасының сөзінше, ұлы Мұратқа  ауылдың  танысы қоңырау шалып, базардан алған малын түсірісіп жіберші деп көмек сұраған. Мұрат бірден сол қоңырау шалған адамға кеткен. Бірақ, анасы кімнің қоңырау шалғанын білмеймін дейді.

null  

 «Тек  адам өлтіреді дегенге мүлдем сенбеймін. Алтын көрсе періште жолдан таяды дейді, бәлкім саған бірдеме береміз деп, соған ілесіп кетті ме, білмеймін. Қайдан білейін, ол тек еруші», дейді Мұраттың анасы.

Мұрат Оңалбаев бұған дейін көлігімен адам тасып күнелткен екен. Үш баланың әкесі. Үшінші  топтағы мүгедек екен. Бір көзі кемтар. Бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған. Ал үш азаматты жауыздықпен өлтірді деген қанды қылмысқа қатысы бар деп ұсталған Талғат Сүлейменовтің де үш баласы бар екен.

null  

Жалпы мал баққан шаруалар мен мал сатқан саудагерлерге базарда бұған дейін де бірнеше мәрте шабуыл жасалғаны айтылып жатыр. Мәселен, Есболат Мағаз есімді саудагер өзінің 4 млн теңге ақшасынан бірер минуттардың ішінде айрылып қалғанын айтады. Бірақ полицияға арызданғанымен нәтиже жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар