Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысты сот басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мал сатуға кетіп, артынша өлі денелері табылған үш ағайындыны өлтіргендерге қатысты сот отырысы басталды.

Аталған істі талқылау бүгін Алматы облысы Қарасай аудандық сотында жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұқият марқұмның туған ағасы Адал Зарылхан ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында әлі де іс толығымен ашылмады деп, іштей өкінішін білдірді.

«Әзірге екі адам ұсталды. Талғат Сүлейменов пен Мұрат Оңалбаев - нақты өлтірушілер. Ал менің білуімше, үшінші күдікті Бақыт Байқамысов есімді жігітті куәгер ретінде тергелді.  Сол Бақыт қылмысқа куәгер бола тұра,  ешкімге ол жайында айтпаған. Және осы жігіт бұрын істі болған деп  естідім. Бірақ, біздің тергеу барысына көңіліміз толмайды. Сыбайластары толық ашылмады деп санаймыз», -  дейді Адал Зарылхан.

Естеріңізге сала кетейік, үш ағайынды жігіт Ұзынағашқа мал сатуға кетіп, артынша олардың өлі  денелері табылған еді.  Мұқият Зарылхан, Жарқынбек Долдан және Қаділбек Әлімханның артында 8 бала жетім, әйелдері жесір қалды. Дүйім жұртты шулатқан қанды қылмысты Ішкі істер министрі өзі бақылауда ұстап отыр.

null null null  

 

Соңғы жаңалықтар