Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысты сот алқа билердің қатысуымен өтуі мүмкін

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Қарасай аудандық сотында үш ағайындының өліміне қатысты талқылау жүріп жатыр. Айыпталушы тарап сотқа алқа билер қатыссын деп, өз ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әзірге алқа билер жөнінде нақты шешім қабылданбады. Сот кеңесу бөлмесіне кетті. Ендігі сот отырысы  17 қараша күні өтеді. 

Қазір аталған қанды қылмыс бойынша екі күдікті қамауға алынды: Олар - 1971 жылғы Талғат Сүйлейменов және 1975 жылғы  Мұрат Оңалбаев. Ал іске қатысы бар делінген Бақыт Байқасымов есімді азамат үшінші күдікті ретінде танылған. Алайда ол ешқайда кетпеу туралы қолқат жазып, бостандықта жүр.

Бұған дейін ҚазАқпарат тілшісі берген сұхбатында Адал Зарылхан аталған істің тергелуіне мүлдем көңілі толмайтынын айтып,  сыбайластары толық ашылмағаны жөнінде жеткізген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, үш ағайынды жігіт Ұзынағашқа мал сатуға кетіп, артынша олардың өлі  денелері табылған еді.  Мұқият Зарылхан, Жарқынбек Долдан және Қаділбек Әлімханның артында 8 бала жетім, әйелдері жесір қалды. Дүйім жұртты шулатқан қанды қылмысты ішкі істер министрі өзі бақылауда ұстап отыр.

null 

Соңғы жаңалықтар