Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысты күдіктілер  бірнеше бап бойынша айыпталуда
2016 жылғы 14 қараша 19:45

Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысты күдіктілер бірнеше бап бойынша айыпталуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мал сатуға кетіп, артынша өлі денелері табылған үш ағайындыны өлтірді деген күдіктілер бірнеше бап бойынша айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір аталған қылмыс бойынша екі күдікті қамауға алынды: Олар - 1971 жылғы Талғат Сүйлейменов пен 1975 жылғы Мұрат Оңалбаев. Ал іске қатысы бар делінген Бақыт Байқасымов есімді азамат үшінші күдікті ретінде танылған.

Талғат Сүлейманов ҚР ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,8-тармақтары (пайдакүнемдік ниетпен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған екi немесе одан көп адамды өлтіру), 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (қаруды қолдану арқылы адамдар тобымен аса iрi мөлшерде жасалған қарақшылық), 287-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын, оқ-дәрiлердi заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), 200-бабы 3-бөлігі (iрi залал келтіріп, қылмыстық топпен автомобильдi жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу), 202-бабы 2-бөлігі 1,5-тармақтары (айтарлықтай залал келтіріп, өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша айыпталынады.

Мұрат Оңалбаев ҚР ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,8-тармақтары (пайдакүнемдік ниетпен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған екi немесе одан көп адамды өлтіру), 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (қаруды қолдану арқылы адамдар тобымен аса iрi мөлшерде жасалған қарақшылық), 200-бабы 3-бөлігі (iрi залал келтіріп, қылмыстық топпен автомобильдi жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу), 202-бабы 2-бөлігі 1,5-тармақтары (айтарлықтай залал келтіріп, өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша айыпталынады.

Бақыт Байқасымов ҚР ҚК-тің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша айыпталынады.

Ендігі сот отырысы 17 қараша күні өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында үш ағайынды жігіт Ұзынағашқа мал сатуға кетіп, артынша олардың өлі денелері табылды. Мұқият Зарылхан, Жарқынбек Долдан және Қаділбек Әлімханның артында 8 бала жетім, әйелдері жесір қалды. Ал марқұмның туыстары қылмыскерлердің сыбайластары әлі де бостандықта жүр деп күдіктенеді.

Jańalyqtar

MURAǴAT