Ұзынағашта ағайынды үшеуді өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Дүйім елді шулатқан оқиға бойынша басқа қылмыскерлер Мұрат Оңалбаев 25 жылға кесілді. Ол да ерекше режимдегі түрмеде ұсталады. Сондай-ақ ауыр қылмысқа куәгер бола тұра ешкімге хабарламаған Бақыт Байқасымов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, сот Сүлейменов пен Оңалбаевты өлтірілген әр азаматтың отбасына моральдық шығын үшін он миллион теңгеден өтемақы төлеуге міндеттеп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Қарасай аудандық сотында үш ағайындыны өлтіргендердің ісі қаралған болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қаза болғандардың жақындары мен туыстары моральдық шығын талап еткен болатын. Олар судьядан 45 млн теңге өндіріп беруді сұрады. Сонымен қатар, жәбірленуші тарап қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді сұраған еді.
Айта кетелік, қыркүйек айында үш ағайынды Ұзынағашқа мал сатуға (40 ірі қара мал) кетіп, із-түзсіз жоғалып, артынша олардың өлі денелері табылды.
Қаза болғандар Мұқият Зарылхан, Жарқынбек Долдан және Қаділбек Әлімханның артында үш отбасыдан 8 бала және жарлары қалды.