+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Үзілген әнұранды жалғап, шырқай жөнелген қазақстандық спортшылар шетелдіктерді таңғалдырды

2019 жылғы 25 қыркүйек 14:46
Бөлісіңіз:
Үзілген әнұранды жалғап, шырқай жөнелген қазақстандық спортшылар шетелдіктерді таңғалдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның Бенгалуру қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы өздерінің нағыз патриот екенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, бірінші ойында су добынан Қазақстан құрамасы Қытай командасымен кездесті. Матч дәстүрлі түрде қарсылас елдердің әнұранымен басталды. Дыбыстық жабдықтың техникалық ақауына байланысты Қазақстан Республикасының әнұраны 8-секундта кенеттен үзіліп кетті. Осы кезде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы абыржымай, өз даусымен Әнұранды жалғастырып, толығымен айтып шықты. Бұған көрермендер де қолдау көрсетіп, қол соқты. Жергілікті жанкүйерлер мен жарысқа қатысушылар қазақстандық жас қыздардың ерлігіне тәнті болды.

Ал ойын кезінде жерлестеріміз қытайлық қарсыласын 11:10 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, су спорты түрлерінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан командасы үш қола медаль жеңіп алды. 100 метрге брасс әдісімен жүзуде София Әбубәкірова үшінші орын алса, 50 метрге шалқалап жүзуден Кирилл Любимов қола жүлдегер атанды. Ал 200 метрге кешенді түрде жүзуде Илья Краснояров үздік үштікке енді.

Азия біріншілігі 3 қазанға дейін жалғасады.

Видеоны Ұлттық олимпиада комитеті ұсынған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT