Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымындағы төрағалық Ресейге өтеді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – ҰҚШҚ-дағы төрағалық Ресейге өтеді. Бұл туралы Бішкекте ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесі сессиясының кеңейтілген құрамдағы отырысында Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков мәлім етті ,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымындағы төрағалық Ресейге өтеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалықты қабылдауға байланысты РФ Президенті Владимир Путинді құттықтағым келеді», - деді Қырғызстан Президенті.

Сонымен қатар ол Ресейдің төрағалығы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу шараларымен сәйкес келіп тұрғанын атап өтті.

«9 мамыр - біздің ортақ жеңісіміздің күні екені ешқандай күмән тудырмайды. Осы орайда біз ортақ тарихымызды ұмытпауымыз керек», - деді Сооронбай Жээнбеков.

Кезекті сессия 2020 жылы Ресей аумағында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Сессия жұмысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар