Ұжымдық иммунитет қалыптасқанда маскасыз жүруге бола ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұжымдық иммунитет қалыптасқанда маскасыз жүруге бола ма? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта масканы шешуге қатысты шешім жоқ. Неге десеңіздер, тіпті вакцина алған күннің өзінде де өзге адамдардың жұқтыру тәуекелі сақталады. Сондықтан да маска режимін қашан алып тастайтынымызға қатысты мәселені қарастырып отырған жоқпыз. Маска режимін сақтаған кезде және вакцина алғаннан кейін ғана пандемияны жеңе аламыз», - деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Соңғы жаңалықтар